25 маусымнан бастап US02079K1079 (GOOG_KZ) ALPHABEt INC. жай акциялары Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

24.06.24 12:07
/KACC, 24.06.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 25 маусымынан бастап ішінара қамтамасыз етумен жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) ALPHABET INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай акциялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-06-24]