/KASE, 24.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы)
2024 жылдың 22 шілдесінде сағат 11:00-де келесі күн тәртібімен оның
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ке
хабарлады:
- банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту туралы;
- Банктің 2024 жылға арналған жеке және шоғырландырылған қаржылық
есептілігіне аудит қызметтерін көрсету жөніндегі аудиторлық ұйымды
анықтау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылды
–
https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_200624_1.pdf
[2024-06-24]