24 маусымнан Қазақстан қор биржасында Global X Robotics & Artificial Intelligence US37954Y7159 (BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда- саттығы тоқтатылады

24.06.24 10:09
/KASE, 24.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 маусымынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 27 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін Global X Robotics & Artificial Intelligence US37954Y7159 ("KASE Global" секторы, BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 27 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 01 шілдеден бастап қайта басталады. [2024-06-24]