21 маусымнан бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00011484 (TMJLpp4) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

21.06.24 14:30
/KASE, 21.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 19 маусымында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00011484 (TMJLpp4; 1 000 теңге, 163 968 607 000,00 теңге, 20 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 21 маусымынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/TMJLpp4/ [2024-06-21]