20 маусымнан бастап KASE "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00009772 (MFKMb3) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен алып тастады

21.06.24 09:19
/KASE, 21.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17 маусымынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00009772 (MFKMb3) облигацияларын алып тастады (20 маусым – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні). 2024 жылдың 20 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 53 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-06-21]