20 маусымнан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00011468 (HSBKb21) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

20.06.24 18:17
/KASE, 20.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылғы 19 маусымда Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011468 (HSBKb21; 10 000 теңге, 290,0 млрд теңге; 7 жыл; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) облигацияларының негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 20 маусымынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/HSBKb21/ [2024-06-20]