21 маусымнан бастап "Еуразиялық Капитал" АҚ KZ2C00010924 (EUCPb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

20.06.24 14:43
/KASE, 20.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 21 маусымнан бастап "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) KZ2C00010924 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EUCPb1; 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге; 14.06.24 – 14.06.27; жартыжылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-06-20]