KASE Листингілік комиссиясы "FinQ" ЖШС KZ2P00011471 (FINQpp2) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

20.06.24 09:21
/KASE, 20.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 19 маусымында "FinQ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011471 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FINQpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2024-06-20]