KASE Листингілік комиссиясы "Қазақстан темір жолы" ұлттық
компаниясы" АҚ KZ2C00011484 (TMJLpp4) облигацияларын "Жеке
орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады
20.06.24 09:18
/KASE, 20.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 19 маусымында "Қазақстан темір жолы" ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00011484 (1 000 теңге, 163 968 607 000,00
теңге, 20 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25%; 30/360) облигацияларын
"Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2022 жылдың 22 желтоқсанында
542 862 679 000 теңге сомасына тіркелген "Қазақстан темір жолы" ұлттық
компаниясы" АҚ-ның үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші
болып табылады.
Аталған облигацияларға TMJLpp4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-06-20]