"Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС KZ2P00011497 (MFSCb4) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

20.06.24 09:15
/KASE, 20.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 19 маусымында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС (Алматы) KZ2P00011497 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықтың нәтижесі бойынша анықталады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы 2023 жылдың 02 тамызында 25,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға MFSCb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-06-20]