20 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

19.06.24 15:21
/KASE, 19.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 маусымынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2024 жылдың 15 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 17 шілдесінен бастап қайта басталады. [2024-06-19]