/KASE, 19.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Бәйтерек" АҚ (Астана) KASE-ге компанияның 2023 жылға
шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
-----------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
----------------------- -------------- --------------
Меншікті капитал 2 665 504 904 2 098 065 738
Жиынтық активтер 13 620 419 993 12 231 230 626
Жиынтық міндеттемелер 10 954 915 089 10 133 164 888
Таза пайда (таза шығын) 407 646 787 380 625 569
ROA, % 2,99 3,11
ROE, %% 15,29 18,14
-----------------------------------------------------
Компанияның 2023 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "КПМГ
Аудит" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған
қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде "Бәйтерек" АҚ мен оның
еншілес компанияларының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай
бойынша қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың қаржылық нәтижелерін
және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша
қаражаттарының қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrkf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-06-19]