"TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС өзінің KZ2P00010580 (MFTSb1) облигациялары бойынша екінші купонның төленгені туралы хабарлады

19.06.24 10:13
/KASE, 19.06.24/ – "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) (Абай облысы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 18 маусымында өзінің KZ2P00010580 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFTSb1) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақы төленгені туралы хабарлады. Аталған хабарламаға сәйкес аталған сыйақы 550 000 000 теңге сомасында төленді. [2024-06-19]