"Эйр Астана" АҚ 11-17 маусым аралығында өз бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат берд

18.06.24 16:45
/KASE, 18.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 18 маусымындағы баспасөз мәлімдемесінде келесі ақпарат берілді: дәйексөздің басы "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі – "Қоғам") 2024 жылдың 11 маусымынан бастап 2024 жылдың 17 маусымына дейінгі кезеңде (бұдан әрі – "есептік кезең") қоғамның төменде көрсетілген жай акцияларының (бұдан әрі – "Акциялар") санын және Акцияларға қатысты құқықтарды куәландыратын жаһандық депозитарлық қолхаттарды (бұдан әрі - "ЖДҚ") 2024 жылдың 30 сәуірінде жарияланған Акцияларды және ЖДҚ сатып алу бағдарламасына (бұдан әрі - "Бағдарлама") сәйкес "Halyk Finance" АҚ арқылы сатып алу туралы хабарлайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_180624_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_180624_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_180624_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-06-18]