18 маусымда Қазақстан қор биржасмында есептесуі 20 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00001111 (MUM168_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

18.06.24 15:37
/KASE, 18.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 20 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) KZKD00001111 (MUM168_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдың 82,4687 % (кірістілік – жылдық 13,40 %) таза бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 18 588 014 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 82,7858 % құрады (кірістілік – жылдық 13,33 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 маусымда болатын, өтеуге дейін мерзімі 10,7 жыл МЕУКАМ KZKD00001111 (MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі " тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1523537/ [2024-06-18]