/KASE, 18.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
(МЕККАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық
төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды (Астана қ.уақыты).
-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: МЕККАМ-12
ISIN: KZK100000332
Шығарылымның реттік нөмірі: 0157 / 012
KASE сауда-саттық коды: MKM012_0157
Номиналды құны, теңге: 100,00
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 1 112 871 086
Айналысқа жіберу күні: 11.04.24
Айналыста болудың соңғы күні: 10.04.25
Өтеу мерзімі: 11.04.25
Айналыста болу мерзімі: 365 күн
Уақыттық базасы actual / actual
--------------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 18.06.24
Өтеуге дейін мерзімі: 297 күн
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 30 000,0
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру 0
дәрежесі, %:
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесім уақыты: 17:00 (Т+0) дейін
Төлеу күні және уақыты: 20.06.24
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе
сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
табылады шектелімді қарсылама
өтінімдердің бағалары бойынша
-------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза"
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
ережелері
http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
Қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/gsecs/show/MKM012_0157/
[2024-06-18]