18 маусымнан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

17.06.24 15:43
/KASE, 17.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 15 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 тамызында қайта басталады. [2024-06-17]