18 маусымнан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны туралы ақпарат өзгертіледі және олармен сауда-саттық қайта басталды

17.06.24 15:28
/KASE, 17.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) NVIDIA Corp. (АҚШ) жай акциялары бойынша 10-ға 1 коэффициентімен жүргізілген сплитке байланысты келесі ақпарат өзгеретінін хабарлайды: - жарияланған жай акциялар саны 2 500 000 000 данадан 24 600 000 000 данаға өзгерді; - орналастырылған жай акциялар саны 2 396 804 463 данадан 23 652 472 668 данаға өзгерді. 2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE-де 2024 жылдың 27 мамырында тоқтатылған акциялармен сауда-саттық қайта басталады. Аталған тақырып бойынша осыған дейін KASE-де 2024 жылдың 27 мамырындағы "27 мамырдан бастап KASE-де US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/news/show/1522023/ [2024-06-17]