/KASE, 17.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17
маусымынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының
индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен
"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның KZ2C00007573 (KFUSb24)
облигацияларын айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты (17 маусым –
өтеу кезінде тізілім тіркелген күн) алып тастады.
2024 жылғы 17 маусымнан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 54 атаулы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған
сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға
индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикатор KASE тарапынан корпоративтік облигациялармен
сауда-саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептеледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-06-17]