17 маусымнан бастап Халықаралық қаржы корпорациясының US45950KDD90 (IFC_e9) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілетін болады

14.06.24 11:22
/KASE, 14.06.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2024 жылдың 14 маусымындағы шешімімен Халықаралық қаржы корпорациясының US45950KDD90 (2 2,0 млрд; 13.07.23 – 13.07.28; жартыжылдық купон, жылдық 4,50%; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 17 маусымынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға IFC_e9 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланды – https://kase.kz/ru/bonds/show/IFC_e9/ [2024-06-14]