"BCC Invest" АҚ-ның жалғыз акционері 2023 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

12.06.24 10:53
/KASE, 12.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыбында – "BCC Invest" АҚ), жалғыз акционердің 2024 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төленбесін; - 2023 жылдағы таза табыс 3 495 205 мың теңге мөлшерінде "өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы" шотында қалдырылсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_decision_sole_300524_24.pdf [2024-06-12]