"Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009793 (MFOKb13) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.06.24 09:38
/KASE, 12.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 маусымынан бастап "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009793 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb13; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 12.06.23 – 12.06.24; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 2023 жылдың 08 маусымынан бастап енгізілді, 2023 жылдың 05 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 маусымынан бастап ашылды. [2024-06-12]