"ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00003267 (KAFIb4) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.06.24 09:33
/KASE, 12.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 маусымынан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00003267 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb4; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 12.06.15 – 12.06.24; жартыжылдық купон, жылдық 8,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2015 жылдың 12 маусымынан бастап "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 01 қыркүйегінен бастап ашылған. [2024-06-12]