"Home Credit Bank" АҚ облигацияларының үш шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

10.06.24 17:52
/KASE, 10.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 10 маусымында "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00011195 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 года; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда- саттық коды – HCBNb13; - KZ2C00011351 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 года; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда- саттық коды – HCBNb14; - KZ2C00011401 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 лет; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – HCBNb15. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "Home Credit Bank" АҚ KZ2C00011195 облигацияларының шығарылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылдың 21 қарашасында жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркеген банктің үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде жетінші болып табылады. "Home Credit Bank" АҚ-ның KZ2C00011351 және KZ2C00011401 облигацияларының шығарылымдары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 16 мамырында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркеген төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші және екінші болып табылады. "Home Credit Bank" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-06-10]