/KASE, 10.06.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ (Астана) оның
жалғыз акционерінің 2024 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Жалғыз акционер, соның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- 2023 жылға компанияның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі
(шоғырландырылған және жеке) бекітілсін;
- компанияның 2023 жылдағы 29 555 142 371,78 теңге мөлшеріндегі таза
кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- 20 691 012 377,55 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын;
- 8 864 129 994,23 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_decision_sole_300524_1773.pdf
[2024-06-10]