18 маусымнан бастап "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС-нің KZ2P00010788 (MFTSb2) облигацияларымен сауда- саттық тоқтатылады

07.06.24 15:10
/KASE, 07.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE-де "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС-нің (Абай облысы) KZ2P00010788 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFTSb2) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Аталған тоқтату 2024 жылдың 18 маусымында көрсетілген облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралатын аталған облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты болды. [2024-06-07]