12 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Алтын Сапа
АLМ" ЖШС KZ2P00009962 (ALSPb1) облигацияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
07.06.24 15:02
/KASE, 07.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
12 маусымынан бастап "Алтын Сапа АLМ" ЖШС (Алматы) KZ2P00009962
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALSPb1)
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатылатынын хабарлайды.
Тоқтата тұру 2024 жылдың 12 маусымында аталған облигациялар
шығарылымының аңдатпасына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралатын
осы облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты.
[2024-06-07]