/KASE, 07.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ (Жезқазған)
2024 жылдың 29 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін
- 2023 жылғы таза пайданың болмауына байланысты жай акциялар
бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе
бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ADRP/adrp_special_shareholders_meeting_results_290524_77.pdf
[2024-06-07]