08 шілдеде "ULMUS BESSHOKY ((УЛМУС БЕСШОКЫ)" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

07.06.24 11:13
/KASE, 07.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОҚЫ)" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 08 шілдеде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтетінін KASE-ге хабарлады: - акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - қоғамның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту туралы; - қоғамның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін анықтау туралы; - акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекеттеріне өтініші және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ULBS/ulbs_special_shareholders_meeting_info_080724_76.pdf [2024-06-07]