07 маусымнан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011398 (MFRFb13) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

06.06.24 17:16
/KASE, 06.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 05 маусымында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011398 (MFRFb13; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%, 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 07 маусымынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb13/ [2024-06-06]