06 маусымнан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Жайықмұнай" ЖШС-нің USN97716AA72, US98953VAA08 (ZHMNe2) және USN64884AA29, US66978CAA09 (ZHMNe3) облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көлемі және купондарды төлеу кезеңділігі туралы ақпарат өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталды

06.06.24 10:24
/KASE, 06.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 маусымыннан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) USN97716AA72, US98953VAA08 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ZHMNe2, $560,0 млн; 13.11.12 – 25.06.33, жартыжылдық купон, жылдық 9,50%, 30/360)) және USN64884AA29, US66978CAA09 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ZHMNe3, $400,0 млн; 14.02.14 – 14.01.33, жылдық 9,50% жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергені туралы хабарлайды: - купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,50 %-дан жылдық 6,50 %-ға өзгерді (2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап қоса алғанда қолданылады); - купондарды төлеу кезеңділігі 2024 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жылына екі реттен бір рет – жыл сайын 15 желтоқсанда болып өзгерді; - төлем агенті, тіркеуші және трансфер-агент Citibank N. A.-дан "GLAS Trust Company" ЖШҚ-ға өзгертілді. 06 маусымнан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталды, олар 2024 жылдың 04 маусымынан бастап тоқтатылды. Облигациялар шығару туралы келісімдерге 2024 жылдың 29 мамырындағы қосымша келісімдер орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmnf4_%D0%952_izm_290524.pdf - https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmnf4_%D0%953_izm_290524.pdf [2024-06-06]