KZ2P00011398 (MFRFb13) "R-Finance" Микроқаржы ұйымы" ЖШС
облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
05.06.24 16:16
/KASE, 05.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 05 маусымында "R-Finance" микроқаржы
ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011398 (1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3 жыл;
ай сайынғы купон, жылдық 22,00%, 30/360) облигацияларын баламалы
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 15 наурызында
30,0 млрд теңге сомаға тіркеген "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС
бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.
"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "First
Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.
Аталған облигацияларға MFRFb13 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-06-05]