05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC. US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

05.06.24 09:39
/KASE, 05.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 маусымынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, Alphabet INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 маусымынан бастап қайта басталады. [2024-06-05]