"Эйр Астана" АҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

04.06.24 12:31
/KASE, 04.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 04 маусымындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлік қоғамы ("Қоғам") 2024 жылғы 30 мамырда өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының нәтижеcі бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. Қоғамның 2024 жылғы ақпанда IPO өткізілгенге дейін жарияланған Қоғам проспектінде көзделген жоспарға сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі, BAE Systems (Қазақстан) Лимитед акционерінің өкілі - Майлз Сент Джон Весткотт мырза (Myles St John Westcott) 2024 жылдың 30 мамырынан бастап Қоғамның Директорлар кеңесі құрамынан шықты. Сонымен бірге, Дияс Асанов 2024 жылдың 31 мамырынан бастап тәуелсіз директор болып тағайындалды. Соңғы үш жыл ішінде Асанов мырза сандық өнеркәсіп (Digital Industries) және зияткерлік инфрақұрылым (Smart Infrastructure) бағыттарына ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстандағы Siemens өңірлік компаниясының бас директоры қызметін атқарды. Бұған дейін ол Siemens Energy компаниясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы бас заң кеңесшісі қызметін атқарған. Асанов мырза Вест-Пойнттегі АҚШ Әскери академиясында халықаралық қатынастар ғылымдарының бакалавры дәрежесін және Қазақстанның М.С.Нарықбаев атындағы ҚазМЗУ университетінде халықаралық құқық бакалавры дәрежесін алған. ... Директорлар кеңесінің әрекеттегі жаңартылған құрамы мынадай: 1. Нұрлан Жақыпов - Директорлар кеңесінің төрағасы ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ; 2. Айдар Рысқұлов - Директорлар кеңесіне мүшесі ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ); 3. Саймон Вуд - Директорлар кеңесіне мүшесі (BAE Systems); 4. Питер Фостер - Директорлар кеңесіне мүшесі ("Эйр Астана" АҚ бас атқарушы директоры); 5. Елдар Әбдіразақов - Тәуелсіз директор; 6. Джанет Хэкман – Тәуелсіз директор; 7. Гарри Кингшот – Тәуелсіз директор; 8. Кит Гэбел – Тәуелсіз директор; 9. Дияс Асанов – Тәуелсіз директор дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040624_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040624_2.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040624_3.pdf – ағылшын тілінде. [2024-06-04]