03 маусымнан бастап "Orient Group KZ" ЖШС KZ2P00011448 (ORNTpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

03.06.24 17:32
/KASE, 03.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 31 мамырында "Orient Group KZ" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00011448 (ORNTpp1; 1 000 теңге, 7,0 млрд теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 19,75%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялайды: субсидияланатын бөлігі жылдық 13,75%, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00% құрайды Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 03 маусымынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/ORNTpp1/ [2024-06-03]