"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ 2022 жылдың бөлінбеген кірісі есебінен жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге ниетті

03.06.24 17:28
/KASE, 03.06.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) 2024 жылдың 06 маусымында жай акциялар бойынша 2022 жылдың бөлінбеген кірісі есебінен жалпы сомасы 63 545 929 158,25 теңгеге дивидендтер төленетіні туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_dividendsf_060624_3297.pdf [2024-06-03]