01 шілдеде "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

31.05.24 17:00
/KASE, 31.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге мынадай хабарлама берді: дәйексөздің басы "ForteBank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк), оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) 35-бабының 1-тармағы, 37-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы, 37- бабы 3-тармағының 3) тармақшасы, 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы және 41-бабы негізінде Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен (2024 жылғы 31 мамырдағы № 15 хаттама) шақырылып жатқан Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Жиналыс 2024 жылғы 01 шілдеде Астана қаласының уақытымен сағат 11.00- ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 01 шілдеде Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап 10.45-ке дейін Жиналыс өткізілетін орында жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқығы бар Банк акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 07 маусымда Астана қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. \Кворум болмаған жағдайда, Жиналыс 2024 жылғы 02 шілдеде Астана қаласының уақытымен сағ. 11.00- ден бастап сол мекенжай бойынша және болмай қалған Жиналыстың күн тәртібімен қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 02 шілдеде Астана қ. уақытымен сағат 10.00-ден бастап 10.45-ке дейін Жиналыс өткізілетін орында жүргізіледі. Жиналыстың күн тәртібі: 1. "ForteBank" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің сандық құрамын ұлғайту туралы.. 2. "ForteBank" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Д.Туруснкуловты сайлау туралы. дәйексөздің соңы Хабарламаның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_310524_1.pdf [2024-05-31]