"KASE Клиринг орталығы" АҚ жалғыз акционері 2023 жылдағы KACC қызметінің нәтижелері бойынша шешім қабылдады

29.05.24 16:20
/KACC, 29.05.24/ – "KASE Клиринг орталығы" АҚ (KACC, Клирингілік орталық) 2024 жылдың 27 және 28 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі – Клирингілік орталықтың жалғыз акционері – мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлайды: 1. Клирингілік орталықтың 2023 жылдағы қызметі туралы есеп назарға алынсын. 2. 2023 жылы акционерлердің клирингілік орталықтың және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне оның қызметі мәселелері бойынша өтініштерінің болмауы туралы ақпарат назарға алынсын. 3. Клирингілік орталықтың 2023 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: 2023 жылдағы 769 148 666,10 теңге (100 %) мөлшерінде таза табыс (пайда) Клирингілік орталықты дамытуға бағытталсын; 2023 жылдың қорытындысы бойынша Клирингтік орталықтың жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін. 4. "Эрнст энд Янг" ЖШС Клирингтік орталықтың 2024 жылға жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйым болып белгіленсін. 5. Клирингтік орталықтың 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. 6. 2023 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесіне – Клирингтік орталықтың тәуелсіз директорына жылдық сыйлықақы төленсін. 7. Клирингтік орталықтың Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын. 8. "KASE Клиринг орталығы" АҚ Жарғысына № 2 өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін. 9. "KASE Клиринг орталығы"АҚ Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 1 өзгертулр мен толықтырулар бекітілсін. 10. "KASE Клиринг орталығы" АҚ дивидендтік саясаты бекітілсін. 11. Клирингтік орталықтың Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2024 жылғы 01 маусымнан бастап олардың өз міндеттерін орындағаны үшін ай сайынғы сыйақы мөлшері белгіленсін. [2024-05-29]