29 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Еуразиялық Капитал" АҚ KZ2C00010924 (EUCPb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

28.05.24 17:01
/KASE, 28.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 29 мамырдан бастап "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) KZ2C00010924 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EUCPb1) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EUCPb1/ [2024-05-28]