"Kazakhmys Copper" (Қазақмыс Коппер) АҚ жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

28.05.24 16:50
/KASE, 28.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (Ұлытау обл.), өзінің жалғыз акционерінің 2024 жылдың 22 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған) бекітілсін; - компанияның 2023 жылда таза пайдасының болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMCP/kmcp_decision_sole_220524_13.pdf [2024-05-28]