Kaspi.kz АҚ акционерлері 2024 жылдың бірінші тоқсанында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

27.05.24 12:57
/KASE, 27.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Kaspi.kz АҚ (Алматы) 2024 жылдың 22 мамырында өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер 2024 жылдың бірінші тоқсанында бір акцияға 850 теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың 22 мамыры. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KSPI/kspi_special_shareholders_meeting_results_220524_219.pdf [2024-05-27]