23 мамырдан бастап Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 (QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізіледі

22.05.24 17:25
/KASE, 22.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 23 мамырынан бастап Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 (сауда коды – QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілетін болады. Аталған бағалы қағаздарға рұқсат берудің бастамашысы "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. [2024-05-22]