21 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

21.05.24 15:51
/KASE, 21.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 91,6568 % (кірістілік – жылдық 12,70 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 23 565 767 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 91,7918 % құрады (кірістілік – жылдық 12,64 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 мамырда болатын МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1521644/ [2024-05-21]