21 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

21.05.24 15:48
/KASE, 21.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 94,0260 % (кірістілік – жылдық 12,70 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 24 201 878 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 94,3325 % құрады (кірістілік – жылдық 12,61 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 мамырда болатын МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1521641/ [2024-05-21]