/KASE, 21.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымының (KZKD00001244,
MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 96,8142 % (кірістілік –
жылдық 12,70 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 15 599 844 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған
таза баға номиналдың 96,9822 % құрады (кірістілік – жылдық 12,66 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 мамырда болатын
МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244, MUM084_0019)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1521638/
[2024-05-21]