21 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

20.05.24 17:18
/KASE, 20.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 14 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 маусымынан бастап қайта басталады. [2024-05-20]