/KASE, 20.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен
31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық
симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді.
Үш аптаның қорытындысы бойынша (01 сәуір және 17 мамыр аралығында)
сауда-саттық көлемі 14 329,0 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде
мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 447,7 млн теңгеден асты.
Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше
1 191 және 4,8 млрд теңгені құрады.
Төменде 2024 жылдың 01 сәуірі мен 17 мамыры аралығында құралдар
бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:
-------------------------------------
Мәмілелер Көлемі,
Сауда-саттық коды саны млн теңге
----------------- --------- ---------
HSBK 1 333 2 980,3
ASBN 2 055 2 004,2
KSPI 1 539 1 994,9
FHJIds 758 1 379,8
CCBN 707 1 183,2
KZTO 680 986,7
KCEL 707 914,1
KEGC 646 881,9
KZTK 516 754,6
KZAP 545 647,4
BAST 324 283,5
RAHT 304 167,0
KMGD 363 77,3
IE_FXBF 184 69,6
BSUL 116 4,4
----------------- --------- ---------
Барлығы 10 777 14 329,0
-------------------------------------
Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін
6 766 қатысушы тіркелді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру болып табылады.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына
сілтеме бойынша қолжетімді
https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/
[2024-05-20]