Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 17 мамыр күні Қазақстан қор биржасында KZMJ00001816 (ZKK024_181) облигацияларын орналастырып, 5,0 млрд теңге тартты

17.05.24 17:17
/KASE, 17.05.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001816 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK024_181) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл болатын 5 000 000 облигацияны орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 5,0 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Бұған дейін KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001816 (ZKK024_181) 5,0 млн облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда- саттық өтеді" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1521467/ Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/gsecs/show/ZKK024_181/ [2024-05-17]