16 мамырға жоспарланған "Байтерек" ҰБХ" АҚ-ның 100,0 млн
KZ2C00011229 (BTRKb12) облигацияларын орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізілмейді
15.05.24 16:43
/KASE, 15.05.24/ – "Байтерек" ҰБХ" АҚ-ның (Астана) 100,0 млн
KZ2C00011229 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb12)
облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-
саттықты өткізудің бастамашысы болып табылатын "First Heartland Jusan
Invest" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 16
мамырына жоспарланған мамандандырылған сауда-саттықтардың күші
жойылатыны жөнінде хабарлады.
[2024-05-15]