/KASE, 15.05.24/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған инвестициялық қорлардың басқарушы компаниясы болып
табылатын "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) KASE-ге жалғыз
акционерінің 2024 жылдың 10 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.
Жалғыз акционер қабылдаған шешімдердің қатарында:
- компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары
бойынша дивидендтер төлемеу. Таза кірісті компанияның иелігінде
қалдыру.
Отырыста күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/FHJI/fhji_decision_sole_100524_379.pdf
[2024-05-15]